25 Қар 2023
Мектепшілік іс-шаралар

Даналық мектебі

Тақырыбы: Асыл әжем

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу, әжелерге деген құрметті нығайту.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І. Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Әжелерге арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Әжелердің оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты әжелер!

Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.

Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, ұрпақ жалғасы үзіліп қалды.

Жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

Бабушка — это забота и опека, это безграничная любовь, это любая поддержка, понимание и помощь. А еще это всегда теплый уютный дом и вкусности на столе. Бабушка - ласковое, теплое слово. Бытует выражение, утверждающее, что бабушки безумной любовью любят своих внуков, нежели детей.

Одаренность ребенка – заслуга именно бабушек и дедушек, считают психологи всего мира. Если вспомнить постоянную озабоченность родителей, усталость и нехватку времени, то трудно не согласиться с тем, что полноценное внимание и все свое время могут отдавать ребенку именно старшие члены семьи.

Бабушка и дедушка, как правило, являются основными рассказчиками. Они представляют собой другое время, у них более долгие периоды молчания и немного больше мудрости, и у них всегда в запасе свои старые истории. Детям нужны эти рассказы для того, чтобы знать, кем они являются, узнать о своих корнях.

1-оқушы.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

Қылығына қуанып немереңіз.

2-оқушы.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз

3-оқушы.

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ отыр оюлап.

Басы ауыра береді,

Ша ішпесе, қоюлап.

4-оқушы:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз-дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

5-оқушы.

Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз!

6-оқушы.

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

7-оқушы. 

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

8-оқушы.

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

9-оқушы.

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

10-оқушы.

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Ойын: Мақалды жалғастыр

Ел боламын десең бесігіңді түзе.

Бала тілі бал.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Бірлік болмай,тірлік болмайды.

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Не ексең соны орасың.

Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

Жігітке жеті өнерде аз болады.

Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

Ойын: Аялы алақан

Ойынның шарты:

Ортаға бір ата немесе әже шығады. Ол топ арасында балалардың алақанын ұстап, өзінің немересін табуы қажет

Әжелеріміздің ақыл - өсиеттерін тыңдайық

Жүргізуші. Жаңбырмен жер көгереді, 

Батамен ер көгереді - дегендей үлкендерден бата сұраймыз

Жүргізуші. Құрметті әжелер сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Жаңалыктар